Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сайланды

Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет және спорт министрлігі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

"Отырыс барысында жаттықтырушылар кеңесінің көпшілік дауысымен ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұхамедов сайланды. Бұл жағдайға Альберт Линдердің өлімі мен одан кейінгі бірқатар оқиға, спортшылардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ, Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеуі себебі болды. Оқиғаға министр араласқаннан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел ережебұзушылықтар анықталды, соның салдарынан құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалары жұмыстан шеттетілді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар спорттағы әділетсіздік туралы өтініштердің көбеюіне және оны растайтын дәлелдердің анықталуына байланысты кеңесте еркін стильдегі танымал қазақстандық палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Ильясович Байрамұқов спорт бойынша омбудсмен болып тағайындалғаны айтылды.  

Дереккөз: tengrinews.kz.

Новости партнеров