Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы тағайындалды

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Осыған дейін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың  өкімімен Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы болып Нәзира Тоғызбаева тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәзира Тоғызбаева Қызылорда қаласында туған. Тұрмыста, балалары бар.

Қызылорда политехникалық институтын «экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1999-2003 жылдары Қызылорда облысының әкімдігінде жұмыс істеген, жетекші маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолдарынан өткен. Сондай-ақ, әр жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс жасаған.

Алматы қаласының әкімдігінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық Комиссияның хатшысы қызметтерін атқарған.

Осыған дейін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Новости партнеров