Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды
8 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлын ҚР Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент осыған дейін ҚР Бас Прокурорының орынбасары қызметін атқарған Ерлік Кененбаевты қызметінен босатты.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Жандос Өмірәлиев, 1978 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісінен бастап, осы салада үздіксіз 18 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Ақтөбе облысы прокуратурасы және Батыс аймақтық көлік прокуратурасында басшы лауазымын атқарған. 2010-2011 жылы Заңдылық, құқықтық тәртіп және қылмыспен күрес жөніндегі ҚР Үйлестіру Кеңесінің хатшысы - Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған. 2011-2017 жылдары арасында Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінің бастығы лауазымын атқарған.