Алматының шетіндегі ықшамаудандардағы өмір сапасы бірте-бірте қаламен теңестіріледі – Сағынтаев

стоп-кадр
стоп-кадр
2021 жылдың соңына дейін Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы қалған 601 көшені жарықтандыру жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында мегаполистің жаңа ықшамаудандарындағы инженерлік желілер құрылысының қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, инженерлік желілер – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің күре тамыры. Бірер жыл бұрын қалаға қосылған аймақтардың арқасында мегаполистің аумағы кеңейді. Сәйкесінше бұл – жаңа желілерді қажет етеді.

«Өтіп бара жатқан жыл жемісті болды. Жүздеген шақырым сумен жабдықтау, су бұру желілері мен бірнеше КСС салынды. Наурызбай ауданында сүзгі-сорғы стансасының құрылысы басталды», – деп жазды Алматы әкімі және ықшамаудандардағы өмір сапасы бірте-бірте қаламен теңестірілетінін атап өтті.

Бұрындары хабарланғанындай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында биыл 300 шақырымға жуық су құбыры мен кәріз желісі салынды. Нәтижесінде, «Жаңа Алматының» шеткі ықшамаудандарының 50 мың қала тұрғыны орталық сумен жабдықтау мен су бұру желісіне қосылады.

2019 жылы аудит жүргізіліп, оның барысында 2,3 мыңға жуық көшеде сыртқы жарықтың жоқ екені анықталды. Нәтижесінде таяудағы 2 жыл ішінде қаланы жарықпен толық қамтамасыхз ету жөніндде шешім қабылданды. Жыл соңына дейін қала шетіндегі 1423 көше жарықтандырылады, бұл қаланың 4 ауданында 100% жарықтандыруды қамтамасыз етеді – Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб.

2021 жылдың соңына дейін Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы қалған 601 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Осылайша, Алматы көшелерін 100% жарықтандыруға қолжеткізілетін болады.

Жол инфрақұрылымын дамыту аясында Жаңа Алматының ықшамаудандарында 42,8 шақырым жол салынды. Ұзындығы 192 шақырым болатын 270 көшеде орташа жөндеу, ұзындығы 86 шақырым болатын тротуарларды ретке келтіру және жөндеу жұмыстары аяқталды. 4 саябақ пен 5 жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру қарастырылуда.

Ағымдағы жылы жоспарда  көрсетілген барлық шаралар толық орындалды. Келер жылы шеткі аймақтарды дамыту жөніндегі  жобалар іске асатын болатын, ол үшін қаржыландыру көздерінен жалпы сомасы 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді деп жоспарлануда.




Новости партнеров