|
29.09.2020 | 23:13
5838

Наурызбай ауданының әкімі елімізде алғашқы болып жұмыс орнын 1-қабатқа ауыстырды

Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылған жоба

Наурызбай ауданының әкімі елімізде алғашқы болып жұмыс орнын 1-қабатқа ауыстырды Almaty.tv

Алматыдағы Наурызбай ауданының әкімі елімізде алғашқы болып өз жұмыс орнын бірінші қабатқа ауыстырды. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылған жоба. Ал аудан әкімінің орын ауыстырғаны түйткілдерді тарқатуға септігін тигізе ме? Тың жобаның халыққа қандай пайдасы бар? Almaty.tv тілшісі Жанар Ғаниқызы айтып берсін.

«Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру ісіні, қаламызда алғашқы болып, Наурызбай ауданы қолға алған еді. Мұндағы басты идея - мекеме жұмысының ашықтығын көрсету. Ғимаратқа кіре берісте әкімнің және өзге де жауапты қызмекерлердің не істеп жатқанын, енді кез-келген адам сырттан бақылай алады. Себебі олар жұмыс істейтін кабинеттердің қабырғасы әйнектен жасалған.

Бұл – адалдық алаңы. Мұнда әкімдік қызметкерлерінің жұмысын сырттан бақылап отыруға мүмкіндік жасалған. Ал өзіне өзі қызмет көрсету бұрышына кез-келген тұрғын келіп, қажетті құжатына сұраным жібере алады.

Осылайша Наурызбай ауданының  әкімі Санжар Тоғай халыққа бір табан жақындап, бірінші қабатқа көшті. Қабылдауға келген тұрғындарға өте ыңғайлы. Аудан басшысымен жүздесу үшін, арнайы құрылғыдағы батырманы басып, кезек күту керек. Яғни, әкімнің қабылдау бөлмесі, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидасы бойынша жұмыс істейді. Жобаның қолданысқа қалай енгізіліп жатқанын көру үшін, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Алматыға арнайы келіпті.  

«Наурызбай ауданының әкімі елімізде бірінші болып өзінің ашықтығын көрсетіп, жұмыс орнын бірінші қабатқа ауыстырды. Көріп тұрғандарыңыздай, оның жұмыс орны толығымен әйнек терезелерден жасалған. Яғни барлығы жалпақ жұртқа көрініп тұрады. Бұл – мемлекет басшысының «Тыңдаушы және естуші мемлекет» концепциясының айқын көрінісі десек артық емес. Және де бұл тәжірибе бүкіл Қазақстан үшін үлгі болуы керек деп санаймын», – деді қала бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.

Жалпы ашықтық пен қолжетімділік қағидасы бойынша елімізде 206 сервистік әкімдік, 2 мыңға жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары мен 1800-ден астам фронт-кеңселер іске қосылған.

Жанар Ғаниқызы, Мұрат Тайжанов «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир