Жетісу ауданында су арналары жаңартылды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Аудан тұрғындары жұмыс белгілеген мерзімде толық және сапалы орындалғанына қуанышты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданының Павлодар көшесіндегі су арнасы қала меншігіне өтіп, құбырлар жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

50 жылдан бері жөндеу көрмеген су құбыры тозып, бүтіндей бір көше бір ай тіршілік нәрінсіз қалған еді. Тұрғындар мәселесін Алматы су коммуналдық кәсіпорнына айтқанмен, шағымдары қаралмаған. Оған себеп – ауыз су қала меншігіне өтпеген. Амалы қалмаған жұрт қалалық «Нұр Отан» партиясына хат жазған.

«Интернеттен ватсап номерін алып, қалалық «Нұр Отан» партиясына хат жаздым. Екі күннен соң менің сұрағым шешілді. Қалалық су желісіне қосып, мәселеміз реттелді. Қазір үйімізде су бар, бәрі жақсы», –  деді Жетісу ауданының тұрғыны Эльмира Қожахметова.

Одан бөлек, мұндағы су құбырына қалпына келтіру жұмыстарымен бірге сүзгілер, есептеуіш құралдары да жаңасына ауыстырылды. Аудан тұрғындары жұмыс белгілеген мерзімде толық және сапалы орындалғанына қуанышты.

Новости партнеров