Көршілер: Аlmaty.TV-де жаңа телехикая көрерменге жол тартты

Сериал дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 23:00-де көрсетіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аlmaty.TV-де  жаңа телехикая көрерменге жол тартады. «Көршілер» деп аталатын туындыда көршілер арасындағы қарым-қатынас, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдағы орны бейнеленеді.

«Көршілер» телехикаясында көпқабатты үйдегі көршілердің күнделікті өмірі, бір-біріне деген көзқарасы, әртүрлі тағдыр көрсетіледі. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең мүмкіндік жасау қоғамның ортақ міндеті екені, кембағар жандардың тек арнайы орталықтарда ғана емес, күнделікті өмірде, ауласында, көршілер ортасында еркін өмір сүруіне жағдай жасау қажет екенін айтылады.

«Ауылда салт-дәстүр сақталады ғой. «Қалаға көшіп келгеннен кейін адамдармен бір-бірімен араласпайды» дейді. Әркім күйбең тіршілігімен кетеді. Сондықтан кішкене болса да бір-бірімізге көңіл бөліп,  көрші екенімізге назар аударып, тату-тәтті өмір сүріп, ауламызды таза ұстап, сыйлау мақсатында  сценарийжазылды », – деді «Көршілер» телехикаясының редактор-сценарисі Еркебұлан Әлімжан.

Жалпы туынды 10 бөлімнен тұрады. Әрқайсысының ұзақтығы – жарты сағат.

Мүмкіндігі шектеулі жандардан бөлек, жалғызбасты әйелдің өмірі, сатқындық пен сенім мәселесі айтылады. Авторлар «көрермен әр бөлімнен кейін, мен де өмірімді өзгерте аламын деген ойға келеді» дейді.

«Телекихаядағы Динаның мүгедек қызымен өмір сүру тәсілдері, екеуінің ғана басынан кешкен қиындықтары емес , қоғамдағы қозғалатын дүниелер айтылады», – деді актриса Ажарлым Мағзұм.

  «Мен мүмкіндігі шектеулі қыздың ролін ойнаймын. Ол арбада жүреді. Ешкім дос болмайды,  біртүрлі қарайды. Қиын роль деп айтуға болады, бірақ  қиын болмады», – деді актриса Көркем Бегілдаева.

Отбасы құндылығы, сыйластық пен ауызбіршілік, үлкен мен кіші арасындағы қарым- қатынас кеңінен суреттелетін сериал дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 23:00-де көрсетіледі.

Диана Тұрлыбек, Ялкунжан Әшімжанов

Оқи отырыңыз: Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттер үйі ашылды