Шырқа, Қазақстан: Almaty TV-дегі музыкалық шоуға іріктеу онлайн форматта өтті

Жаңа мегажоба. 20 қазанда көрерменге жол тартады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Almaty TV-де жаңа мегажоба. 20 қазанда көрерменге жол тартатын «Шырқа, Қазақстан» музыкалық ән байқауына 18-45 жас аралығындағы үміткерлер қатысуға мүмкіндік алды.

 «Шырқа, Қазақстан» музыкалық шоуына іріктеу онлайн форматта өтті. Нәтижесінде Қазақстанның әр өңірінен бас-аяғы 500-ден астам өтініш түскен. Қойылған талап біреу – айтқан әнді видеоға таспалап, ұйымдастырушыларға жіберу. Үміткерлер іріктеліп алынған кастингке 18-45 жас аралығындағы кез келген адам қатысуға мүмкіндік алды. Продюсердің сөзінше, жобаның ерекшелігі – сахнадағы таланттарды таңдауға әділ қазылар емес, тәлімгерлер атсалысады.

"Жобаның басты ерекшелігі – басқа жобаларда тәлімгер таңдаса, бұл жерде қатысушы тәлімгерді таңдайды. Бәрі бірге үлкен жұмыс жасалып жатыр", – деді продюсер Ғалия Байбосынова.

Жобада ән таңдауда шектеу жоқ. Әр тәлімгер тобымен жұмыс істейді. Іріктеліп алынған қатысушылар өзара сайысқа түседі. «Бірін артық, бірін кем санауға болмайды, бәрі мықты» деген Еркеш Хасен мегажобаның көрермен көңілінен шығатынына сенімді.

"Біріншіден, мықты деген қыз-жігіттер таңдалды. Олардың арасында жасы қырыққа жақындап қалған ағалар жастармен жарысуға келіп тұр. Шын мықты шықса қуанамыз. Жеңімпаз өз тобымнан шықса, екі есе қуанамын", – деді тәлімгер Еркеш Хасен.

Жоба жеңімпазы 3 миллион теңгені қанжығалап қана қоймай, әлемдік сахнада ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын «Шырқа, Қазақстан» музыкалық шоуы жексенбі сағат 22:00-де «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.

Еркебұлан Серікұлы, Ернар Елдосұлы

Оқи отырыңыз:Дем: Almaty TV көрерменін жаңа туындымен қуантпақ

Новости партнеров