|
17.09.2024 | 09:11
539

Алматылық студенттер WorldSkills халықаралық чемпионатында жүлделі болды

Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады

Алматылық студенттер WorldSkills халықаралық чемпионатында жүлделі болды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, жетістікке жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.

Соның ішінде, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті Михаил Попов Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша үздік деп танылса, Алматы қаласы «Әділет» колледжінің студенті Жанель Сағындық «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша топ жарды.

Сонымен қатар, «Ұлттағы үздік» номинациясы бойынша бойынша үздіктер:

Руслан Юсупов — Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті — «Веб-технологиялар»;

Әйгерім Досова — Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі — «Сән технологиясы»;

Данияр Әбікенов — Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті — «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»;

Тимур Бабенко мен Эльнар Жуасбаев — Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері — «Мобильді робототехника»;

Артур Лейман — Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті — «Мейрамхана сервисі».

Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін әлемдік аренадағы жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз!

WorldSkills Lyon — 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.

Анықтама: WorldSkills International 25 жасқа дейінгі жас мамандардың кәсіби дағдыларын анықтауға және дамытуға бағытталған ірі халықаралық жарыс болып табылады. Чемпионат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналады. Мақсаты — бүкіл әлем бойынша техникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттау. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен EuroSkills чемпионатында алғаш рет 2 медаль және 4 медальон жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир