Алмалы ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданындағы орта білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру объектілерін жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс қалай жүргізіліп жатыр? Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биылғы жылдың басында 2 мектептің (№34 және 144 гимназиялар) 850 орындық 2 қосымша құрылысы пайдалануға берілді. Енді 10 қарашада Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық «Prometheus school» жеке меншік мектебі ашылады. № 15 гимназияны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.

Келесі жылдың III-ші тоқсанының басында №136 және 58 мектептің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп,  сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттама  әзірленетін болады», – деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров