Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

 Inbusiness.kz
Inbusiness.kz
Оның ішінде 6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.

«Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», - деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.

Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.

Бұған дейін Ғани Бейсембаев оқу жылының неліктен ұзартылғанын түсіндірген еді.

Новости партнеров