|
08.09.2022 | 10:34
2725

Жетісу ауданындағы мектептерде орын тапшылығы қалай шешіледі

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты

Жетісу ауданындағы мектептерде орын тапшылығы қалай шешіледі Фото: ашық дереккөзден

Жетісу ауданындағы мектептерде оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін 14 қосымша құрылыс салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін қосымша 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

"Бүгінгі таңда №148 және №112 мектептердің әрқайсысын 300 орынға кеңейту, сондай-ақ №101 мектепке мәжіліс зал қосып салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Биылғы қыркүйек айының соңына дейін №103 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс салу үшін тағы бір сараптама алынатын болады. 2023 жылдың I-тоқсанында барлық 4 объект бойынша құрылысты бастау жоспарланған.

Биылғы қыркүйек айының соңына дейін №129 мектепті күрделі жөндеу толық аяқталады. №80 мектепті күрделі жөндеу жұмыстары басталып, келесі оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын  азайту үшін (4 502 орын) осы жылдың шілде айында «Айнабұлақ-4» шағынауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Құрылысты келесі жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр.

Ратушный-Қазыбаев-Серіков-Рысқұлов көшелерінің шегінде тұратын тұрғындар үшін биылғы жылдың маусым айында жеке меншікте болған екі қабатты әкімшілік ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобалау осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Құрылыс 2023 жылдың І-ші тоқсанында басталады", - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир