|
31.08.2023 | 13:23
5484

Студенттердің шәкіртақысы өседі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды

Студенттердің шәкіртақысы өседі egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды, Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 35 ЖОО мен 85 колледж бар. Бұл нормаға ЖОО-ның 95 мың студенті енеді.

Алматыда  ЖОО 191мыңға жуық студентінің 95 мыңға жуығы жоғары стипендия алатын болады (қалған 96 мың-ақылы бөлімде оқитындар):

  • бакалавриат-81,4 мың.,
  • магистратура-8,6 мың.,
  • докторантура-2,1 мың.,
  • резидентура-1,1 мың.,
  • интернатура-1,8 мың).

Сондай-ақ колледждердің 20 мың.303 оқушысы жоғары стипендия алатын болады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендия мөлшері: бакалавриат студенттеріне – 20%-ға, магистратура – докторантура шеңберінде оқитындарға – 15%-ға, ТжКБ студенттеріне-50%-ға артады. Стипендияның келесі өлшемдері белгіленді:

  •  докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
  •  «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға-111 579 теңге;
  •  магистрантарға – 97 024 тенге;
  •  интерндерге – 75 890 тенге;
  •  жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге - 67 200 теңге;
  •  жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, «Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңге;
  •  жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге-32 681 теңге;

 техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге орта білімнен кейінгі білім беру – 31 422 теңге.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир