|
23.08.2023 | 10:52
530

Магистратураның грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты

Магистратураның грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады ашық дереккөзден

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Грант конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми сайтында және телеграм арнасында жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир