Алматы әкімі «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның ішінде 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Республика сарайының алдында қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға сондай-ақ Қазақ ұлттық педагогикалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Исимбаева, еңбек ардагерлері, мектептің үздік педагогтары және т.б. қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.



Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның ішінде 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың үздік түлектерін құттықтап, оларға жоғары оқу орындарына түсу кезінде табыс тіледі.


«Ұлы Абай «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деп айтқандай жоғары білімді, білікті маман болып, болашақта еліміздің, қаламыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз. Жолдарың ашық, келешектеріңіз жарқын болсын», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

«Бұл марапатты алып, ең жақсыға лайық екенімді алдымен өзіме дәлелдедім. Сол үшін мектебіміздің ұстаздарына, ата-анама шексіз алғыс. Әсіресе сынып жетекшімнің еңбегі зор. Ол кісі мені кішкентайымнан қолдап, маған сеніп келді», – деді «Алтын белгі» иегері Әмина Нұртазина.

«Көптен күткен медальды алғаныма сондай ризамын! Әрдайым қолдап отырған ата-анама, әсіресе әкеме рахмет айтамын. Мұғалімдерге мың алғыс», – деді «Алтын белгі» иегері Еркін Шахдияр.

Салтанатты шараның шарықтау шегі Қазақ ұлттық опера және балет театры вокалистерінің музыкалық сүйемелдеуімен орындалған түлектердің вальсі болды. Салтанатты шара мерекелік отшашумен аяқталды.


Назкен Еркін, Сағындық Нарықов, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров