Жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін - Мемлекет басшысы

12.10.2023 16:26

Бұл туралы Мемлекет басшысы Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында айтты

Сурет: ADPASS

Инновацияның және технологиялық прогрестің ең маңызды қозғаушы күші ретінде венчурлық капитал нарығын дамытуымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қазақстан стартаптарға инвестиция салуды ынталандыру үшін институттық және заңнамалық базаны дәйекті түрде жетілдіріп келгенін атап өтті.

– Былтыр венчурлық келісімдердің орташа мөлшері екі есе артты. Бұл – қуантарлық жайт. Осы орайда аталған саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілер базасын АҚШ, Сингапур және Гонконгта қолданылатын үздік тәжірибемен сәйкестендіру қажет. Сонымен қатар венчурлық капитал нарығына халықаралық ойыншыларды тартудың маңызы зор, деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылады