Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

zakon.kz
zakon.kz
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарына жағымды жаңалық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкіметтің 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, ұйым қызметкерлерінің ДО (тарифтік мөлшерлемелері) функционалдық блоктарға лауазымдарды жатқызуға және мамандық бойынша жұмыс өтіліне, берілген біліктілік разрядтарына қарай олардың тарифтік ставкасын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді көбейту арқылы анықталады. Яғни қызметкердің айлық жалақысы негізге алынды.

Атап айтқанда, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарына арналған ДО (тарифтік мөлшерлемелер) белгіленген мөлшерлеріне түзету коэффициентін пайдалана отырып айқындалатыны туралы толықтыру енгізілді.

Бұған дейін балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру үшін республикалық бюджеттен 27 799 880 мың теңге көлемінде қаражат талап етілетіні хабарланған болатын. Жалпы, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға көтеріледі. Бұл  жаңалық 97 мыңнан астам педагогқа әсер етеді.

Құжат 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды: 22 тамызда болған маңызды оқиғалар

Новости партнеров