Қазақстанда 5 жоғары оқу орнының жұмысы 1 айға тоқтатылды

Қазақстанда 5 жоғары оқу орнының жұмысы 1 айға тоқтатылды
Сондай-ақ 12 университетке айыппұл салынып, 1 оқу орны бойынша іс сотқа жіберілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Білім және ғылым министрлігі бағалау жүйесіне енген 13 университетті тексеру барысында 5 оқу орнының бұған дейінгі ескертулері жойылмағандықтан, лицензияларын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сапасыз білім ордаларының санын қысқарту немесе мүлдем алып тастау бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынғанын жеткізді.  

«Бұл жерде 5, 10 немесе 20 жоғарғы оқу орнын қысқарту керек деген мақсат тұрған жоқ. Мемлекеттік талаптарға сай келмейтін оқу орындары жабылуы тиіс. Бұл туралы осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат берген болатынбыз. Мәселен, Шымкенттегі өңірлік әлеуметтік инновациялық университетінде өрескел заң бұзылған. Мысалы, біліктілік талаптарына сай келмеу, оқытушылардың жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық базаның нашарлығы, жалпы дәрісті жүргізуде де кемшіліктер көп. Әзірге тек лицензиясын тоқтатып отырмыз, демек олқылықтарын жоюға уақыт берілді», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Сондай-ақ 12 университетке айыппұл салынып, 1 оқу орны бойынша іс сотқа жіберілген. Білім және ғылым министрі қазіргі таңда көпбейінді университеттің барлығы мұғалімдер даярлайтынын, алайда олардың білім сапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы жоғарғы оқу орындары санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отырғанын айтып қалды.

Новости партнеров