Биыл Алматыда «Жаппай оқыту» қорынан берілетін көмек сомасы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жаппай оқыту» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Биыл материалдық көмек алу құқығы төменде көрсетілген түрлі әлеуметтік санаттағы отбасылардан 20 мыңға жуық оқушы беріледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтындар;
3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін жағдайларда;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.
Алғашқы екі жағдайда ата-ана немесе заңды өкіл eGov немесе халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш беруі қажет. Басқа жағдайларда білім беру ұйымына растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Тізімдер оқу жылында бір-ақ рет жасалады.
Жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін оқушылар «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен көмек ала алады. Акция биыл 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.
Бүгінде демеушілер мектеп формасының 4,5 мыңнан астам жиынтығын және мектеп керек-жарақтары бар мыңдаған сөмке сатып алды. Қазіргі кезде аудандық білім бөлімдерінде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалып жатыр. «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» акциясы аясында мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын алу үшін оқитын жері бойынша білім беру ұйымына өтініш беру қажет.
Демеушілер, меценаттар және балаларға көмек көрсетуге ниет білдірген қаланың барлық тұрғыны аудандық білім бөлімдеріне сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады:
- Алатау ауданы бойынша: 87006131198
- Алмалы ауданы бойынша: 87470448553
- Әуезов ауданы бойынша: 87025395397
- Бостандық ауданы бойынша: 87772806650
- Жетісу ауданы бойынша: 87472940554
- Медеу ауданы бойынша: 87759194000
- Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498
- Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814.