|
01.11.2019 | 12:01
1716

Мектеп оқушылары неше күн демалады?

2019 - 2020 оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 аптасы

Мектеп оқушылары неше күн демалады? pronedra.ru

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жолындағы каникул кезеңдерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР БҒМ 2019 жылғы 29 шілдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» №337 бұйрығына сәйкес төмендегі мерзімдер анықталды: 2019 - 2020 оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасы.

Күзгі каникул - 28 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда 7 күн.

Қысқы каникул - 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында 10 күн болмақ. Және 1 сынып оқушыларына 3-9 ақпанда қосымша 7 күн демалыс беріледі.

Көктемгі демалыс - 21 наурыздан 2 сәуірді қоса алғанда 13 күнге созылады. Және оқу жылы 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир