Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ЖОО-ға берілетін гранттар саны 75 мыңға дейін артатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін 1000 мектеп тұрғызылады. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешуге және демографиялық өсімнен туындайтын оқу орындарына тапшылықты болдырмауға бағытталған. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою үшін мектептерді жаңғырту жалғасуда. 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледжде білім алу 100% тегін болады. Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар саны 75 мыңға дейін артады. Оның ішінде техникалық және ІТ салаларға гранттар саны 60%-ға дейін өседі», – деді Премьер-министрінің орынбасары.