|
20.04.2022 | 12:14
577

Елімізде мемлекеттік дипломның формасы өзгереді

Орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның баға қойылған екі тілдегі қосымшасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр

Елімізде мемлекеттік дипломның формасы өзгереді ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім туралы құжаттардың (дипломдардың) формасына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның баға қойылған екі тілдегі қосымшасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Zakon.kz мәліметінше, биылғы оқу жылынан бастап ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдары цифрлық бес балдық бағалау жүйесінен баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесіне (1 курс) көшті. Оқушылардың оқу жетістіктері халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар, кему реті бойынша «А»-дан «D-ға дейін», «қанағаттанарлықсыз» - «F»).

«Биыл мектеп бітіру ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарында модульдік бағдарламалар және оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүргізілетінін ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізу қажет», - делінген құжатта.

Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир