Қазақстанда 350 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz -ке сілтеме жасап.
Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді.
Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жылда педагогтардың жалақысы 100%, яғни екі есеге артты. Сонымен қатар 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтарының еңбекақысы 30% өсті.
Оқи отырыңыз: Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлау үшін Telegram бот іске қосылды