|
12.04.2023 | 13:36
6111

Оқу-ағарту министрлігі биылғы оқу жылының аяқталу мерзімін бекітті

Сонымен қатар қорытынды аттестаттауды өткізудің мерзімі де бекітілді

Оқу-ағарту министрлігі биылғы оқу жылының аяқталу мерзімін бекітті rsute.ru

Қазақстанда 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыны қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімн бекіту туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың мәлімдеуінше, министр қол қойған құжатқа сәйкес, оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

Ал 2-13 маусым аралығында білім алушылардың қорытынды бітіру емтиханы өткізіледі.

Сонымен қатар 11 (12) сыныпта білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімді бекітілген:

оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;

математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;

өзге тілдерде оқытатын сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;

таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;

Ал 11 (12) сынып оқушылары үшін:

оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;

алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;

Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;

сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;

таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаcы оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир