Шығыс Қазақстан облысында екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды
ҚазАқпарат
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты оқушылар оқымайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушыларға мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтарда Өскемен қаласында ауа температурасы - минус 9 градус, жел жылдамдығы секундына 12 метр болғандықтан екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.
«Сондай-ақ Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кенті мен Украинка ауылындағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Онда да ауа температурасы - минус 9 градус, жел жылдамдығы секундына 12 метрге жеткен», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33