Энергия көздеріндегі тарифтер 3%-ға, сумен жабдықтау қызметтері бойынша — 4%-ға, халық үшін электрмен жабдықтауға — 1,5%-ға, заңды тұлғалар үшін — 1,2%-ға төмендеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының м. а. Тимур Каленов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жылумен қамту саласы
2020 жылы халық үшін жылу энергиясына тариф өзгерген жоқ және 4294,6 тг құрайды./ Гкал ҚҚС-сыз. Бұдан басқа, халыққа арналған тарифтер: көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 наурыздан бастап 2%-ға, сондай-ақ 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында — 10%-ға (төмендеді.төтенше жағдай кезінде ыстық суға).
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14%-ға өсуі күтілді. Алайда, Мемлекет басшысының халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын орындау үшін энергия көздеріндегі тарифтер төмендетілді. Нәтижесінде, халық үшін тарифті 2020 жылғы деңгейде өсімсіз қалдыруға мүмкіндік туды.
«Сонымен қатар, 2020 жылғы факт бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халық үшін тарифті 3%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Халық үшін үнем 552 млн тг құрады. Өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті», — деп хабарлады ол.
Сумен жабдықтау және су бұру саласы
Департаментпен 2020-2024 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейі бекітілді.
«Сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф 44,65 тг/м3 кезінде 4%-ға 42,86 тг/м3 дейін, су бұру қызметтері бойынша тариф 23,14 тг/м3 мөлшерінде 0,1%-ға 23,12 тг/м3 дейін төмендеді», — деп атап өтті Тимур Каленов.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында сумен жабдықтау және су бұру тарифтері төтенше жағдай кезінде 10%-ға төмендеді.
Электрмен жабдықтау саласы
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрмен жабдықтау тарифі 17,12 тг/кВт-сағ.
«2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Алматы қаласы бойынша халық үшін электрмен жабдықтау тарифін 1,5%-ға, заңды тұлғалар үшін 1,2%-ға төмендетті. Халық үшін үнем 554 млн тг құрады, заңды тұлғалар үшін 820 млн тг», — деп хабарлады спикер.