Мектеп ғимараттары жеделсатымен жабдықталады

el.kz
el.kz
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жиһаздарға басты назар аударылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде енді жаңадан бой көтеретін мектептердің барлығында жеделсаты болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі in «Жайлы form.kz-ке сілтеме жасап.

- Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары оқушылар арасында сколиоз дертіне шалдыққандар қатары 2 есеге артқан. Оның себебінің бірі - оқушылардың бойы мен жас ерекшелігі ескерілмей мектеп жиһазы сатып алынады. Сондықтан мектеп жиһаздары жылжымалы және оқу процесінің нақты мақсаттары мен міндеттеріне бейімделуі тиіс. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жиһаздарға басты назар аударылды. Сонымен қатар балаларға физикалық жүктемені азайту және ыңғайлы болуы үшін оқу құралдары ауыстырылып, киім сақтауға арналған жеке шкафтар барлық мектепте қарастырылатын болады. Жайлы мектептің әрбір қабатында ауыз су бұрқақтары орнатылады, - деді Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

Сонымен қатар салынатын жаң мектептерде ерекше қажеттілігі бар балаларға жағдай жасау үшін әрбір мектеп пандус және көтергіштермен, жеделсатылармен, санитарлық тораптармен жабдықталатынын айтады.

- Қазіргі уақытта мектептердің бірде-бірінде жеделсаты жоқ. Сондықтан енді салынатын барлық мектеп жеделсаты құрылғыларымен міндетті түрде жабдықталады. Ұлттық жобаны іске асыруға 30-дан астам мемлекеттік орган мен ұйымдар жұмылдырылған. Олардың әрқайсысының рөлі мен жауапкершілігі айқындалған. Оқу-ағарту министрлігінің рөлі – ұлттық жобаны сапалы іске асыруда әдістемелік сүйемелдеу және бақылау. Мектептерді сапалы салу және оларды уақытында пайдалануға беру жауапкершілігі «Samruk-Kazyna Construction» мен өңір әкімдіктеріне жүктелген», - деді Ғалымжан Молдаш.

Оқи отырыңыз:Наурызбай ауданында 5 жаңа мектеп салынады

Новости партнеров