Алматыда жаңа форматтағы «Almaly-coworking» кітапханасы ашылды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Оқырман баспа өнімдерімен бірге электронды кітаптарды оқи алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңа форматтағы «Almaly-coworking»кітапханасы ашылды. Алмалы ауданында орналасқан көпфункционалды нысан мегаполистегі кітапхана жүйесін кеңейтіп, дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Жаңа топтамаларға толы мәдени орталықтың ашылу рәсіміне шаһар басшысы Ерболат Досаев та қатысып, оқырманға сәттілік тіледі. Ал іс-шараға келен қонақтардың айтуынша, заманауи жабдықтармен қамтылған кітапхана жастарға мол мүмкіндік береді дейді.

«Бұл қарапайым кітапхана емес, коворкинг орталық сияқты. Ішінде баспа өнімдерімен бірге электронды кітаптар, әртүрлі тасымал құралдары бар екен. Біз соған қуандық. Себебі жаңа, заман талабына сай өзгерістер керек деп ойлаймын», – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек.

Жалпы бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асқан. Қазір қолданысқа берілген мәдени нысанда көпфункционалды аймақтар бар. Сондай-ақ оқырмандарға шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қойылымдар да көрсетілмек. Жылына он мыңға жуық оқырманды қабылдауды жоспарлап отырған кітапхана қоры 15 мың дана басылыммен қамтылған.

«Мұндай кітапханалар елімізде көп болуы керек. Оқырманның саны артқан сайын ол экономикаға, білім деңгейіне, мәдениетімізге де әсер етеді», – деді «Дария дамыту орталығы» директорының орынбасары Бақытжан Асқаров.

Новости партнеров