Қосымша грант, оқу ақысын жеңілдету туралы ақпаратты қайдан білуге болады

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті талапкерлер!

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді.

Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз.

Байланыс нөмірлері:

8(7172) 69-50-69

8(7172) 69-52-92

8(7172) 69-50-71

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, 09:00 - 18:00", - делінген хабарламада.

Новости партнеров