Жас ғалымдардың диалогы: Алматыда халықаралық форум өтті

Жас ғалымдардың диалогы: Алматыда халықаралық форум өтті
Форум аясында ғалымдар әр елдегі азық-түлік қорын сақтау мәселесін шешпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Агроөнеркәсіп кешенінде қордаланған мәселе көп. Ал оны шешу – бүгінгі ғылымның басты жұмысы. Түрлі тақырып пен өзекті мәселені назарға алған ғалымдар бүгін Алматыдағы халықаралық форумда бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

От тоғыз елден келген жас мамандар «континент әртүрлі болғанымен, проблема – ортақ» дейді. Олар кездесуде ғылыми-зерттеу бағытында шеберлік сағатын өткізбек.

– Жиынға негізінен жас ғалымдардың қатысқаны көңіл қуантады. Олардың халықаралық дәрежедегі білімі де таңғалдырып отыр. Бұл кездесуде менің қорғайтын тақырыбым – жас дақылдарды суару. Қазір ауыл шаруашылығында су жетіспейтінін есепке алсақ, өнімнің бітік шығуын жаңа технология ғана қамтамасыз ете алады. Біз жобаны тәжірибеге енгізіп көрсек дейміз, – деді Қытай ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Вэньфэн Лю.

Форум аясында ғалымдар әр елдегі азық-түлік қорын сақтау және тұрақты көбейтіп отырудың тың шешімін ұсынады. Олар сондай-ақ қоршаған ортаны қаз-қалпында сақтап қалуға қатысты ұсыныс енгізбек.

– Форум тек Қазақстан емес, шетелден келген жас ғалымдардың диалогы болатынына сенімдімін. Мұндай іс-шарада отандық ғылымды дамытуға, оны танытуға, шетелдік ғалымдардың тәжірибесін бөлісуге мүмкіндік бар деп ойлаймын, – деді биология ғылымдарының докторы Индира Бейшова.

Новости партнеров