Педагог қауіпсіздігі: Алматыда білім беру саласында қандай жұмыс атқарылып отыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда жыл соңына дейін барлық білім ордасында кешенді қауіпсіздік жүйесі орнатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте білім беру саласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетінін атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл соңына дейін Алматыда барлық 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталады. Бұл жүйе - полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктірілген «дабыл» түймелері, өткізу жүйелері (турникеттерді), өрт қауіпсіздік жүйесі, бейнебақылау камералары. Сонымен қатар 2023 жылы басшылар мен педагогтарды оқытудың кешенді бағдарламасы кеңейтілді. Енді оған тек орта білім беру мектептерінің ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждердің менеджерлері мен мұғалімдері де кірді.

- Инклюзивті білім беру мұғалімдерінің білімін жетілдіру бойынша жоба алғаш рет іске асырылып жатыр. Бұл курстар Қазақстанның, Сингапурдың, Ұлыбританияның жетекші білім беру ұйымдарының базасында өтеді, - деді Алматы әкімі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 4 мемлекеттік балабақша ашылады

Новости партнеров