|
26.08.2022 | 14:12
2643

Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды

Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттады gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиадалардың жүлдегер оқушыларын салтанатты түрде марапаттады. Бұл туралы министр Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министр биыл дарынды балалар 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордтарын жаңартқанын айтты.

"Биыл құттықтаудың өзі де балалар, олардың ата-аналары және мұғалімдер үшін ерекше қуанышты болды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық. Бұл Президенттің дарынды балаларды ынталандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмасынан кейін мүмкін болды", - деп жазды министр.

Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.

Биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады.

Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем алады.

Дарынды балалардың ата-аналарына да алғыс хаттар табысталды.

"Ел Президентінің және мемлекеттің тікелей қолдауы басқа да оқушыларымыздың олимпиадаға қызығушылығын арттыратынына сенімім мол. Халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғаған барлық жеңімпазға тағы да алғыс айтамын. Бойларыңыздағы табандылық, қажырлы еңбек, білімге деген құштарлық қасиеттеріңіз сіздерді жаңа жеңіс пен табысқа жетелей берсін!" - деп жазды Аймағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир