Не үшін оқушылардың жазғы демалысы қысқартылды - министр түсіндіріп берді

egemen.kz
egemen.kz
1,5 млн бала 5 күндік оқу форматқа көшеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Оқу-ағарту министрінен оқу жылының мерзіміне енгізілетін өзгерістерден қандай нәтиже күтетінін сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Асхат Аймағамбетов екі маңызды шешім қабылданғанын айтты.

«Бір жағынан оқушылардың оқу жүктемесін азайту, екінші жағынан оқу жылының аяқталуын 31 мамырға бекіттік. Бұл мәселе бірнеше кешенді проблеманы шешеді. Біріншіден, 1,5 млн бала 5 күндік оқу форматқа көшеді. Яғни, енді осы 1,5 млн бала үшін қосымша 36 демалыс күні пайда болады. Бұл 36 күнді балалар ата-ата-анаcымен өткізуге немесе секцияларға, демалыс саябақтарына баруға жұмсауға мүмкіндік алып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ведомство басшысы биыл 100-ден астам мектептің үш ауысымға өту қаупі болғанын атап өтті.

«Осы қабылданған шешімнің арқасында аталған 100 мектеп екі ауысымда оқуын жалғастырады. Үшіншіден, бізде бүгінгі таңда 1,5 миллионнан астам бала түстен кейін оқиды. Осы қабылдған шешім әсерінен оқу жүктемесінің азаюына байланысты кабинеттер босатылып, екінші ауысымда оқып жатқан 300 мыңнан астам бала енді бірінші ауысымға көшеді. Бұл да ата-аналар үшін өте маңызды. Жалпы 3,6 млн бала үшін оқу жүктемесі азайды. Бірақ осы қабылданған шешімдер білім сапасына әсер етпейді".

Қорыта келгенде, айналдырған 25 мамырдан 31 мамырға дейін өзгеріс енгізуімізге байланысты 1,5 миллионға жуық бала үшін 36 жаңа демалыс күні пайда болады. 150 мыңға жуық педагогтарде 36 демалыс күні пайда болады. 100-ге жуық мектептегі 300 мыңға жуық бала үшінші ауысымнан екінші ауысымға өтеді. Бұл - жан-жақтан қарастырылып, сараптамадан өткен шешім», - деді министр.

Новости партнеров