|
04.11.2020 | 15:23
4979

Алматыда орта білім беретін 205 ұйымға қосымша бейнебақылау жүйесін орнатады

Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі

Алматыда орта білім беретін 205 ұйымға қосымша бейнебақылау жүйесін орнатады Фото: Depositphotos

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР «Кәсіпкерлік Кодексінің» 137-бабы 2-тармағы 1 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  бұйрықтары негізінде 2020 жылдың есепті кезеңінде 48 білім беру мекемесіне профилактикалық бақылау жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Тексеру шаралының қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктерді жою мақсатында мекемелерге заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді, барлық ұйымдар жойылған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тапсырды. Бұл туралы Алматы қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі департамент басшысы Гүлнар Ермекбаева хабарлады.  

Департаментпен, барлық орта білім беру мекемелеріне Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында «Бейнебақылау» бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша,  205 орта білім беру мекемесіне бейнебақылау жүйесін орнату туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, Алматы қаласының Білім басқармасы 2021 жылға, орта білім беру ұйымдарында бейнебақылауды жаңартуға  қаржы жоспарлау мәселесін қарастыруда.  

Есеп беру кезеңінде Департаментке 66 өтініш түскен. Білім саласындағы заңнама нормаларына сәйкес, өтініш білдіргендерге хат түрінде түсініктемелер беріліп, олардың заңды өтініштері қанағаттандырылды.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Департамент балалар құқығын қорғау, балалардың қараусыз және бақылаусыз жүруіне қарсы әрекет ету және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа ұйымдармен өзара байланыс жасайды.

Ағымдағы жылы білім туралы құжаттарды апостильдеу бойынша 2979 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық үкімет порталы  арқылы – 89.

«Біз кәмелетке толмағандарға қатысты ақпаратты пысықтаймыз, сондай-ақ «Бала қорғау» чатында, әлеуметтік желілерде азаматтардың балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өтініштері бойынша түсініктеме береміз», – деді Г. Ермекбаева.

Ағымдағы жылы білім туралы 2979 құжатқа апостиль қойылды, оның 89-ы үкіметтің электрондық порталы арқылы апостиль қойылды. «Е-лицензиялау» порталына 107 өтініш келіп түсті, 101 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 6-уы қаралуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир