Қазақстандағы студенттер ең кемі 52 мың теңге шәкіртақы алады

12.09.2024 19:22

Білім беру саласына 2025 жылы 1 трлн теңгені бөлінбек

elements.envato.com

Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып жатқан қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы әлеуметтік салаға көзделіп отырған қаржы көлемін жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге сомасында қаржы қарастырылған», - деді ол.

Екінші басымдыққа ие білім беру саласына 2025 жылы 1 трлн теңгені бөлінбек екен.

«Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі - жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін - 117 098 теңге болады», - деп хабарлады ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскерге 20 жастан бастап шақыру ұсынылды