Мектепке қандай киім киюге болмайды

Мектепке қандай киім киюге болмайды
Биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн баспасөз-конференциясы барысында мектеп формасы қандай болуы керегін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, биыл балаларға мектеп формасын ғана емес, ата-ана жағдайы болмаса классикалық үлгіде киінуге рұқсат берілді.

«Мектеп формасы бойынша, ең бастысы ұқыпты классикалық киім кисе болғаны. Шалбар қара-қоңыр, жейде ашық түсті. Футболка киюге болмайды, тек жейде. Аяқкиімге тыйым жоқ. Балаға туфли алуға ата-ананың жағдайы болмаса, бала бар аяқ киімін киіп жүре алады», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы.

Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-мемлекеттік, 71-жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.

Новости партнеров