Ұлттық университет ректорлары конкурстық негізде іріктеледі

Ұлттық университет ректорлары конкурстық негізде  іріктеледі
Бүгінде елімізде 10 ұлттық университет бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын Мемлекет басшысы тағайындамайды. Бүтін бір университтеті басқару үшін үміткерлер конкурстық негізден өтуі тиіс, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қаулы  бекітті. Қаулыға сәйкес, ректорды тағайындау ережесі өз күшін жоғалтады. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл жаңашылдықтың қалай жүзеге асатынын түсіндірді.

«Мемлекет басшысы бүгін үлкен тапсырма берді. Сол тапсырма бойынша енді ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары жаңа процедурамен жұмысқа тағайындалатын болады. Біріншіден,   тағайындау конкурс арқылы болады, екіншіден, ол тиісті үкіметтің қаулысы арқылы өтеді. Бұл бәсекелестікті арттырады», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Министр қаулыны іске асыру үшін құжаттар дайындалатынын айтты. 

Бүгінде елімізде 10 ұлттық университет бар. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы министрді қабылдау барысында 2025 жылға дейінгі өтетін білім және ғылым саласындағы жаңа мемлекеттік бағдарламаны пысықтауды да міндеттеді.

Новости партнеров