Алматы облысындағы мектеп жекеменшікке сатылып кеткен

Almaty.tv
Almaty.tv
250 балаға арналған мекемеге мемлекет қаражатынан толығымен күрделі жөндеу жүргізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы ауыл мектебі жекеменшікке сатылып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарасай ауданы Шалқар елдімекеніндегі жалғыз білім ошағы 15 млн теңгеге саудаланыпты. 250 балаға арналған мекемеге мемлекет қаражатынан толығымен күрделі жөндеу жүргізілген. Еденінен шатырына дейін жаңаланып, арнайы спорт залы салынып, ауыл балалары қуанып жүргенде оқу ордасы кәсіпкердің қолына өтіп кеткен. Жергілікті әкімдіктің бұл бассыздығын бүгін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай көтерді. Халық қалаулысы Алматы облысының әкіміне жекенің қолына өтіп кеткен мектепті мемлекетке қайтару керек екенін жеткізді. Мәселені шешуге 2 ай уақыт берілді.

«Ауыл балалары қуанып жүргенде, сол ауылдың мектебін жекенің қолына сатып жіберген. Кім сатады? Әрине, әкімдіктен, басқа кім?! Бұл мәселені прокуратураға айтып, қайда қарап отырғанын сұрадым. Олар шамамыз келмейді, сот шағымымызды қабылдамайды деп отыр», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай.

Новости партнеров