|
16.09.2020 | 14:53
5538

Қашықтан білім алып жатқан оқушылар мен ата-аналарға психологтардың кеңесі

Мамандар қиын заманда психологиялық бейімделудің оңай емес екенін айтады

Қашықтан білім алып жатқан оқушылар мен ата-аналарға психологтардың кеңесі 4news.kz

Бүгін педагогтар үйде отырып, қашықтан білім алып жатқан оқушылар мен ата-аналарға бірер кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар қиын заманда психологиялық бейімделудің оңай емес екенін айтады. Дегенмен, ең алдымен бала үшін күн тәртібін құру керек дейді. Сонда әдеттегі режим бұзылмай, білім алуға және демалуға уақыт қалады дейді. Оған қоса, мамандар балаларды физикалық белсенділікке шақырады. Үйде бір уақыт қалауына қарай дене жаттығуын жасатып, ән айтқызып немесе би билету қажет деп отыр. Стрессті жеңу үшін шығармашылыққа да шектеу қоймаған жөн. 

«Тегін көмек онлайн мамандардан алуға болатын немесе барып көмек алу мүмкіндігі қарастырылған сайт туралы айтып өткім келеді. Сайт Сovid-19.mentalcenter.kz деп аталады. Екі тілде көмек көрсетеді.  Бұл сайтты республикалық ғылыми денсаулық орталығы құрған. Карантин кезеңі басталған уақыттан бастап, қазіргі кезге дейін көмек көрсетуде», – деді ЮНИСЕФ және ҚР ДСМ психикалық денсаулық республикалық ғылыми-практикалық орталығының жаттықтырушысы, педагог-психолог Жұлдыз Махатаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир