Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті профессор Дәурен Сембаевтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға тау тұлғаның әріптес, достары мен жақындары қатысты. Жиылған жұрт іс-шара барысында ғалымның көзі тірісінде атқарған ерен еңбектерін еске алды.
– Әкем – ғылымды сүйген адам. Оның ішінде, әсіресе, химия саласына көп көңіл бөліп, ғұмырының 50 жылдан астам уақытын осы саланың өркендеуіне арнады. Бүгінде әкемнің атқарған айтулы еңбектері еленіп, ғылыми жетістіктері бағаланып, ескерткіш тақтаның ашылып жатқанына қуаныштымын, – деді Д. Сембаевтың қызы Айдана Сембаева.
– Дәурен Хамитұлының химия ғылымына, химиялық өндіріске, фармацевтика саласында қандай еңбек сіңіргенін қоғам, мемлекет біледі. Бүгін химия ғылымдары институтының тарихында елеулі оқиға болып жатыр, – деді Ә.Бектұров атындағы «Химия ғылымдары институты» АҚ бас директоры Хайдар Сүлейменұлы.
Оқи отырыңыз: Ақтауда тыңайтқыш өндіретін кешен салынады