Биыл «Қазақ университеті» газетіне 75 жыл толды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Басылым 2011 жылдан бастап апта сайын шығып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төл газетіне биыл 75 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

1948 жылдан бастап жарық көрген басылым оқу ордасындағы жаңалықтарды жариялауға бағытталған. Сондай-ақ басты мақсат – студенттердің шығармашылық қырын арттыру. «Қазақ университеті» деп аталған газет 2011 жылдан бастап апта сайын шығып келеді.

– «Қазақ университеті» газетінде университеттің жетістіктері мен бірге қиындығын жариялап, мықты тұлғаларды оқырманға таныстырып отырады, – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Ләззат Еркінбаева.

– «Қазақ университетінің» алғашқы атауы «За отличную учебу» деп аталатын.  Басылымның алғашқы саны 1948 жылы 20 сәуірде жарық көрді, – деді профессор, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаев.

Оқи отырыңыз: Еренғайып Шайхутдинов туғанына 90 жыл толды

Новости партнеров