|
29.08.2023 | 15:04
432

Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шарасымен танысты

Бейнебақылау камерасы 7 мың 600 мектепке орнатылды

Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шарасымен танысты ult.kz

Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шарасымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлихан Смайыловқа оқу орындарында орнатылған бейнекамерадағы жазбалар мен дабыл түймешесінің сигналын жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімшесіне шығару барысы көрсетілді. Бүгінде бейнебақылау камерасы 7 мың 600 мектепке орнатылды. Премьер-министр қылмыстың алдын алу, полиция жұмысын цифрландыру барысымен танысты. Саланы сандық жүйеге көшіру нәтижесінде еліміздегі заңбұзушылық көрсеткіші 17%-ға төмендеген. Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын көрді.

 –  ІІМ цифрлық технологияға дұрыс көңіл бөліп отыр. Үкімет бастаманы қолдайды, әрдайым қаржыландыруға тырысып отырамыз, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында бес мектеп жөнделіп, кеңейтіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир