|
25.05.2023 | 15:05
667

Қазақ тілі ғылым тіліне айналуы керек – Асқар Жұмаділдаев

Отандық жас ғалымдар жобаны қаржыландыру, инвестиция тарту мәселесін талқылады

Қазақ тілі ғылым тіліне айналуы керек – Асқар Жұмаділдаев Almaty.tv

«Қазақ тілі – ғылым тіліне айналуы керек». Мұндай пікірді Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ ғылымының аяқ алысы мен кемшін тұстары жайлы сөз қозғалған жиынға жас ғалымдар қатысып, өз ойын білдірді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шараның басты мақсаты – отандық ғылымды дамыту.

– Бүгінгі қатысып отырған белді-беделді ғалымдар Қазақстанның әрбір өңірінен келіп отыр. Жетекші жоғары оқу орындары мен мекемелердің басшылары, ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары келіп, ұсынысын айтып отыр, – деді ҚР Президенті жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма басшысы Қуантар Әлиханов.

Дөңгелек үстелге төрткүл дүниенің әр қиырында жүрген 200-ден астам отандық жас ғалым қатысып, жобаны қаржыландыру, инвестиция тарту мен арнайы гранттарды үлестіру кезінде туындайтын мәселелерді талқылады. Олардың 150-ге жуығы қазақ ғылымының дамуына қатысты пікірін онлайн білдірді. Жиында бой көрсеткендер көп ғалымның бизнеске немқұрайлы қарайтынын тілге тиек етті.

– Ғылымда білікті ғалымдар бар, бірақ олардың қаржылық сауаты жоқ. Яғни идеясы, жобасы бар, бірақ оны қалай нарыққа шығару керек екенін білмейді. Сондықтан біз ұсыныс жасап жатырмыз, – деді IT-маманы, онлайн сервистің негізін қалаушы Төлеш Мағзұм.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир