|
23.06.2022 | 15:07
1337

Алматыда оқушылар мен студенттерге арналған тегін әуе ғарыштық лагерь ашылды

Қазір мұнда 600 баланың ішінен 40 бала іріктелініп алынған

Алматыда оқушылар мен студенттерге арналған тегін әуе ғарыштық лагерь ашылды Almaty.tv

Алматыда оқушылар мен студенттерге арналған тегін әуе ғарыштық лагерь ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

USTEM Robotics дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шара жасөспірімдерді STEM саласымен таныстыруға мүмкіндік береді.  Мақсаты да сол – мектепте жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін тәжірибеге ұластыру. Ғарыш лагеріне Гонконг, Италия және АҚШ-тың белгілі университеттерінің студенттері жетекшілік етеді. Қазір мұнда 600 баланың ішінен 40 бала іріктелініп алыныпты.

«Біздің қазақтың жерінен, алғаш рет  адам космосқа ұшқан және алғаш спутник, ракета бәрі біздің Қазақстанның Байқоңыр жерінен ұшқан. Біздің балаларымыз космос тақырыбында авиамодельдеу, зымыран туралы ғылым тақырыбында жұмыс жасамауы, сол тақырыпты оқымауы дүрыс емес деп. Мәселені осы лагерьлер мен курстар арқылы шешіп жатырмыз», – деді «USTEM robotics» қорының басшысы Асылбек Мырзахметов


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир