Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады

Алматыда цифрландыру мәселесі бойынша басқарма құрылады
Қазіргі кезде Алматыда қажетті мемқызметтердің 80%-ы автоматтандырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа басқарманың міндеті – келер жылдың аяғына дейін қажетті мемқызметтерді толық автоматтандыру. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы – Қазақстанның цифрлы астанасы. Қазіргі кезде қала цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша (82,6%) үздік. ІТ қызметтің үштен бірі оңтүстік астанада орындалады. Астанамен бірге Алматыда мәліметтерді жедел жіберудің жаңа форматы – 5G тестіленуде.

«Менің тапсырмам бойынша, әкімдікте цифрландыру мәселесі бойынша жеке басқарма құрылады. Оның міндеті – ақылды қалалардың жаңа жобаларын енгізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды аяқтау, Алматыда ИТ сектор қарқынын жыл сайын жеделдету үшін жағдайлар жасау», – деді  Б. Сағынтаев.

Қазіргі кезде Алматыда қажетті мемқызметтердің 80%-ы автоматтандырылған. Жаңа цифрландыру басқармасының міндеті – 2020 жылдың аяғына дейін қажеттіліктегі мемқызметтерді толық автоматтандыру.

Новости партнеров