Азаматтық авиация академиясы ұшқыштарды емтиханнан өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл болашақ әуе көлігін басқаратын қыздардың шешуші емтиханы. Ең қызығы, сынақ уақыты Халықаралық әйелдер күні мерекесімен тұспа-тұс келген. Осыған орай, авиация саласының мамандары барша әйелдер қауымына ізгі тілегін арнады.
«Барлық нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл күнді бала күннен атап келеміз. Шаттық сыйлайтын мейрамды негіз етіп аяулы аналарымызға, әпке-қарындастарымызға, жан-жарыма ізгі тілектерімді жолдаймын», – деді Азаматтық авиация академиясы «Әуе көлігін ұшуда пайдалану» кафедрасының меңгерушісі Ербол Оспанов.
«Құрметті қыз-келіншектер, аналар, сіздерді келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер біздің өміріміздің нұрысыздар. Сіздер күлсеңіздер, біздің әлем күледі. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Дендеріңіз сау болсын, ұзақ жасаңыздар», – деді болашақ ұшқыш Ләззат Дәулетбекқызы.