Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев ҚазҰУ-да дәріс оқыды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол ҚР Ұлттық ғылым академиясына мүше болып қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен жиында ең алдымен дамыған, озық мемлекеттердің цифрлық экономиканы құрудағы табыстарына талдау жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл ретте дамушы елдерге де сараптама ұсынған профессор Ақаев «Ендігі ең қиын міндет – технологиялық прогресті модельдеу» дейді. Ғалымның өзі цифрлық дәуірге арналған өндірістік функцияны іске асырып отырғанын айта кету керек.

«Бұл бағдарламаның аясында көп нәрсенің басы шешілді. Профессор Аққаевтың лекцияларында ол өзінің болашаққа деген көзқарасын білдіріп жатыр. Дәйекті түрде, математикада дәлелденген, компьютерде модельденген құбылыстарды баяндап жатыр», – деді физика - математика ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Әбдібеков.

Арнайы формулалар арқылы функциялық қызметті түсіндірген дәріскерді тыңдауға оқытушы-профессорлар мен академиктер, ғалымдар қатысты. Олар осымен аталған бағыттағы екінші дәріспен танысып отыр. Бұған дейін көшбасшылық сабақтың мазмұны «Ежелгі дәуірдегі демографиялық даму көрсеткіші мен адамзаттың болашағына» арналған еді.

«Біз үшін, әсіресе гуманитарлық ғылым өкілдеріне профессор Ақаев айтқан әлеуметтік мәселелер өте маңызды. Бұл тек бір ел емес, жаһан мемлекеттеріне ортақ тақырып. Ал осының бәрін көпшілікке шебер жеткізе білген Асқар мырзаның біліктілігі өз алдына бір төбе болып тұр», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанат Құндақбаева.

Көпшілікке көшбасшылық дәрісін өткізген Асқар Ақайұлы бүгінде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде қызмет атқарады. Ол ҚР Ұлттық ғылым академиясына мүше болып қабылданды.

Мадина Оқас, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров