Бәсекеге қабілетті оқушы: Алматыда білім көрмесі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараға Бостандық ауданынан 50-ге жуық мектеп қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Инновациялық мектеп-бәсекеге қабілетті оқушы» атты білім көрмесі өтті. Мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындарымен әріптестікті нығайту, өзара тәжірибе алмасу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ инновациялық мәдениетті жас өрендердің креативтері арқылы дамыту. Іс-шараға Бостандық ауданынан 50-ге жуық мектеп қатысып, серіктестік танытты. Тәжірибелік алаң «Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің» мұрындық болуымен жүзеге асты.

– Балаларға мұғалімдері бағыт-бағдар беріп отырды. Оқушылар өздері жасап және көпшілікке таныстырады. Білім ордасының мақсаты – аты айтып тұрғандай, креативті және инновациялық мектеп, яғни жаңашылдыққа ұмтылу, заманның көшінен қалмау, – деді Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің мұғалімі Ақсәуле Шамурадова.

Көрмеде оқу мекемесінің жастары жаратылыстану мен қоғамдық гуманитарлық бағытта жасаған жұмыстарын таныстырды. Оқушылар іс-шара аясында өзге елдің ертегілері мен мультхикаяларын қазақ тіліне аударып, дубляждаған.

– Осы фильмді аудару үшін 1,5 айдай уақыт кетті. Дубляжға бірінші рет қатысып жатырмыз. Қиындық болды, ағайлар мен апайлар көп көмектесті, – деді Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің оқушысы Бейбарыс Сержан.

Оқи отырыңыз: Алматы – сүйікті қалам: мегаполисте республикалық жыр мүшәйрасы өтті

Новости партнеров