|
01.09.2023 | 15:49
4437

10 жаңа мектеп және 100 мектеп автобусы: Алматыда Білім күні қалай өтті

Мектеп автобусы жобасы қаладағы 30 мемлекеттік мектепті қамтиды

10 жаңа мектеп және 100 мектеп автобусы: Алматыда Білім күні қалай өтті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі / пресс-служба акимата Алматы

2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала барды. Қала мектептеріндегі салтанатты жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Әсем Нүсіпова, Арман Қырықбаев, Әлішер Әбдіқадыров және аудан әкімдері қатысты, деп  хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Білім күні Алматыда 323 мектеп есігін айқара ашса, оның 215-і – мемлекеттік және 108-і – жекеменшік. Оның ішінде, Түрксіб ауданына қарасты Қайрат шағынауданында №211 мемлекеттік жаңа мектеп және 3000 орындық 9 жекеменшік мектеп бар. Сондай-ақ бүгінгі таңда 2 мектепте (МЛ №48, МИ №9) қосымша ғимараттардың құрылысы аяқталды, бұл оқушылар санын 420 орынға арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жыл соңына дейін 300 орындық №148 мектепке қосымша құрылысты аяқтау жоспарлануда. Қала мектептерінде барлығы 301 мыңнан астам оқушы оқиды.

Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 133 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жалпыға білім беру» қорынан көмек сомасы берілді. Мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңгені құрады. Осы қордан ХӘОТ санатындағы (халықтың әлеуметтік осал топтары) 15 мыңнан астам алматылық оқушы көмек алды.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда алғаш рет мектеп жасындағы балаларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау үшін мектеп автобустары шығарылды.  «Мектеп автобусы» жобасы 30 мемлекеттік мектепті қамтиды. Ол бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын оқушыларға бағытталған.

Осы мақсатта коммуналдық автопарк Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп 100 мектеп автобусын сатып алды. Бұл автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және техникалық талаптарға сай. Апатты шығу, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі және т.б. Балаларды тасымалдау педагогтың қатысуымен және балаларды тасымалдаудың әзірленген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласындағы Қайрат ықшамауданында жаңа мектеп ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир