|
21.08.2024 | 15:49
256

Алматыда 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталды

Заманауи үлгіде 450 орынға жасақталатын нысан келер жылы аяқталмақ

Алматыда 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталды Almaty.tv

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заманауи үлгіде 450 орынға жасақталатын нысан келер жылы аяқталмақ. Ғимарат маңынан студенттерге арналған медициналық орталық салу да қарастырылған.

Айта кетейік,  білім ордасының аумағында бұған дейін де бірқатар жөндеу-жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде іші-сырты толық жаңарған 300 бөлме қолданысқа берілді.

Мемлекет басшысы жатақхана тапшылығы туралы мәселені жиі айтып жүр. Өңірлерден келген студенттердің жатақханаға қолы жетпейді. Келесі жылы  450 студент заманауи үлгідегі жатақханаға орналасады деген үміттеміз, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын емес

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир